$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда 21 жастағы жігіт бір күнде екі рет суицид жасамақ болды (ВИДЕО)

Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, көпір жақтауында тұрған жігітті қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Патрульдік полиция экипажы суицид жасамақ болған елорданың 21 жастағы тұрғынын құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, сағат 14.20-да Жедел басқару орталығына Алаш тас жолындағы көпірден жас жігіттің секіруге оқталып тұрғандығы жайында хабарлама түскен. Оқиға куәгерлерінің бірі жас жігіттің көпірден секіруіне жол бермеген.

Дегенмен, оқиға орнына жіберілген құрамында Данабек Сағындық пен Нұрбол Нұржігітов бар патрульдік полиция экипажы сол жерге жеткен кезде жас жігіттің қайтадан көпір жақтауына шығып бара жатқанын байқап қалады. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, көпір жақтауында тұрған жігітті қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

«Полиция қызметкерлері жедел әрі үлесімді әрекеттерінің арқасында жас жігіттің өмірін құтқарып қалды. Өмірімен қош айтыспақ болған елорданың 21 жастағы тұрғыны мән-жайды анықтау үшін «Байқоңыр« аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Жас жігіттің жан толғанысын тұрақтандыру мақсатында психолог әңгімелесті. Күйзеліс кезіндегі кәсіби психологиялық көмек көрсетілді», - делінген департамент ақпаратында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары