$ 494.87  520.65  4.91

Ресейде әкесін өлтіру үшін киллер жалдаған қыз ұсталды

Оның сөзіне қарағанда, 47 жастағы Мәскеу тұрғыны қастық қатынастарға байланысты және мүлікті бөлу мақсатында әкесін өлтірмек болған.
Фото: stihi.ru
Фото: stihi.ru

Әкесін өлтіруді жоспарлап, орындаушыға 1,5 миллион рубль (8 млн теңге) ұсынған Мәскеу тұрғыны ұсталды.

Бұл туралы Ресейдің ішкі істер министрлігінің Мәскеу облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Петрова айтты.

Оның сөзіне қарағанда, 47 жастағы Мәскеу тұрғыны қастық қатынастарға байланысты және мүлікті бөлу мақсатында әкесін өлтірмек болған.

«Тапсырысты орындағаны үшін ол 1,5 миллион рубль (8 млн теңге) көлемінде сыйақы ұсынды», - деп түсіндірді Татьяна Петрова.

Департамент өкілі әйелдің ақшаның бір бөлігі аударылғаннан кейін полиция оны ұстағанын атап өтті.

Мәскеу облысы бойынша Ресейдің мемлекеттік бақылау кеңесі басшысының аға көмекшісі Ольга Врадий әкеін өлтірмек блған тұрғынға айып тағылғанын айтты.

Дереккөз: stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары