Ресейлік сатирик Михаил Жванецкий 87 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл туралы әнші Алла Пугачева хабарлады.
"Бітті. Бізді мәңгіге қалдырдың. Орнын толмас қаза. Досым, сен ұмытылмассың. Әрдайым менің жүрегімдесің", - деп жазды Пугачева Instagram желісіндегі парақшасында.
Михаил Жванецкий - сатирик-жазушы және өзінің әдеби шығармаларын орындаушы, сценарист, тележүргізуші, актер.