$ 494.87  520.65  4.91

Киберқылмысқа қарсы күрес: бір аптада 155 заңбұзушылық анықталды

Оның айтуынша бұрын жасалған 161 қылмыстың беті ашылған. Олардың көбі интернет-алаяқтыққа қатысты оқиғалар.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com


Ішкі істер министрлігі республика аумағында «Hi-tech» жедел алдын алу шараларын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Өткен аптада Ішкі істер министрлігі республика аумағында «Hi-tech» жедел алдын алу шараларын өткізді. Бұл шаралар киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтан ескерту, оларды әшкерелеуге бағытталған. Операция жүргізілген бірнеше күннің ішінде осы жағдайлар бойынша 155 заңбұзушылық тіркелді», - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша бұрын жасалған 161 қылмыстың беті ашылған. Олардың көбі интернет-алаяқтыққа қатысты оқиғалар. 

«Еркін айналымнан тыйым салынған мыңға тарта өнім тәркіленді. Олардың қатарында контракфактты дискілер, жазба жүргізуге арналған техникалық құрылғылар, лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары бар», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#киберқылмыс