Бүгін Қарағанды облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қараша күні Қарағанды қаласының Октябрь ауданында 30 жастағы "БМВ" маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, "Сетра" маркалы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "БМВ" автокөлігінің жүргізушісі алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы туралы бейнежазба "Instagram" әлеуметтік желісіндегі жергілікті парақшалардың бірінде жарияланған. Оқиға кезінде қоғамдық көлікте болған жолаушылардың ешқайсысы жарақат алған жоқ. Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.