$ 494.87  520.65  4.91

Бразилияда ер адам өзіне өзі үйленді (ФОТО)

Ер адам айна алдында, қонақтардың қоршауында өзіне өзі "иә" деді.
Фото: dunyanews.tv
Фото: dunyanews.tv

Бразилияда ер адам қалыңдығы оны тастап кеткеннен кейін өзіне өзі үйлене салды деп хабарлайды Dunya News.

33 жастағы бразилиялық дәрігер Диого Рабело қалыңдығы Витор Буэно оған тұрмысқа шығудан бас тартқанын естігенде ешкім күтпеген шешім қабылдайды. Ол қалыңдықсыз той өткізіп, өзіне үйлене салуды ұйғарған.

350 000 реал (шамамен 28 млн теңгеге) қаражат жұмсалған аста-төк үйлену тойы Баия штатының Итакаре елдімекеніндегі курорттардың бірінде өтіп, оған Рабелоның отбасы мүшелері мен жақын достары қатысты. Ер адам айна алдында, қонақтардың қоршауында өзіне өзі "иә" деді.

Осылайша ол өзіне үйленуге көптің алдында келісімін берген.

Еске салсақ, бұған дейін біз Ұлыбританияның Стокпорт қаласында жалғызбасты ана кілемге тұрмысқа шығып, дүркіретіп той өткізгенін жазған едік. Жан жарын табуда жолы болмаған жалғызбасты ана бір жыл бұрын кілем сатып алып, оған ғашық болып қалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары