$ 494.87  520.65  4.91

Елордада Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті

Қазіргі таңда оқиғаның жай-жапсары анықталуда.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

10 қарашада түнгі сағат 23.00 шамасында Нұр-Сұлтанда азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің кәмелетке толмаған ұлын өлтіріп кетті.  17 жастағы Жанболат Ағаділ төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, мерт болған.

Бұл жайлы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазіргі таңда оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, 25 ақпанда Дулат Ағаділдің қайтыс болғаны жайлы ақпарат тараған еді. Осы жаңалықтан кейінірек, Қасым-Жомарт Тоқаев оның өліміне қатысты пікір білдірген. Одан кейін Нұр-Сұлтан прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты тергеудің нәтижесін жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Дулат Ағаділ