10 қарашада түнгі сағат 23.00 шамасында Нұр-Сұлтанда азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің кәмелетке толмаған ұлын өлтіріп кетті. 17 жастағы Жанболат Ағаділ төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, мерт болған.
Бұл жайлы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда оқиғаның жай-жапсары анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, 25 ақпанда Дулат Ағаділдің қайтыс болғаны жайлы ақпарат тараған еді. Осы жаңалықтан кейінірек, Қасым-Жомарт Тоқаев оның өліміне қатысты пікір білдірген. Одан кейін Нұр-Сұлтан прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты тергеудің нәтижесін жариялады.