$ 494.87  520.65  4.91

Тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділдің қаза болуына байланысты бір топ адам ІІМ-нің алдына жиналды

Ол сотқа құрметсіздік танытып, судьяға балағат сөздер айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында отырған қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қаза болды. Белсендінің өлімі туралы қалалық полиция департаменті хабарлаған. Оның қаза болуына байланысты наразылық білдірген бір топ адам Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Наразылық білдіруге жиналған адамдардың әрекеті жайлы журналист Нұртай Лахан Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында таяуда жеткізілген қоғам белсендісі 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды. Ол сотқа құрметсіздік танытып, судьяға балағат сөздер айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - дейді полицейлер.

Сот сараптамасы қорытындысы оның ұсталған кезде мас күйде болғанын көрсетті. 

Полицейлердің мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі - жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Денесінде ешқандай жарақат болмаған. Қазір оның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тергеу #сот