$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда облысында дәрігерлер жол үстінде жүкті әйелді босандырып алды

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында ана мен баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

"Күрті" емханасының дәрігерлері жол бойында 20 жастағы жүкті әйелді босандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының "Күрті" медициналық-құтқару орталығына кеше сағат 14.40-та 20 жастағы жүкті әйел шағымымен жүгінді. 

Күрті ТМСП дәрігерлері әйелді босандырды. Қыз бала өмірге келді. Оның қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Қазіргі уақытта босанған әйел мен бала Іле қаласының орталық аймақтық ауруханасында жатыр. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында ана мен баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жүкті әйел