Оқиғалар 17.11.2020 сағат 16:00

Оралда жол апатынан 10 жастағы бала көз жұмды

22 жастағы жүргізуші қыз автокөлігімен 10 жасар баланы қағып кеткен.
Оралда жол апатынан 10 жастағы бала көз жұмды
Фото: inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 17 қараша күні сағат 09.10 шамасында Московская көшесінде болды. 22 жастағы жүргізуші қыз автокөлігімен 10 жасар баланы қағып кеткен.

Бала ауыр халде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Барлық ата-аналардың балаларына жол ережесін сақтауды ескертіп отыруы маңызды. Сондай-ақ жүргізушілер де мұқият болуы қажет. Қайғылы оқиғаға орай полиция департаменті баланың ата-анасы, жақындарына көңіл айтады», деді Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі көлік соқтығысып, жүргізуші мерт болғанын жазған едік.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар