$ 439.43  473.31  4.82

Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды

Жұманғали Дәуітұлы - құрметті шахтер, еңбек ардагері. Ол ұш ұл өсірген.
Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz

Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Сәпиев қайтыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап. 

"Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Жұманғали Дәуітұлының қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтады", - делінген хабарламада. Ведомство, Серік Сәпиевтің әкесі неден көз жұмғанын хабарлаған жоқ. Айта кетейік, Жұманғали Дәуітұлы - құрметті шахтер, еңбек ардагері. Ол ұш ұл өсірген. Біріншісі – Серік, екіншісі Сергей, ал үшіншісіне туған інісі Бақтайдың есімін берген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары