$ 498.34  519.72  4.85

Жанболат Ағаділдің өлімі: полиция қылмыстық іске қатысты ақпарат жариялады

Журналистердің сауалдарына жауап берген Шыныбеков күдікті мен Жанболат Ағаділ бір-бірімен таныс болмағанын айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Жанболат Ағаділдің өлімі мен бұзақылық бойынша қылмыстық істі жүргізіп жатыр. Бұл іске байланысты үш адам қамауға алынды, тергеу жүргізілуде, деп хабарлады полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Гумар Шыныбеков.

"Үш күдікті, соның ішінде Ағаділге пышақ сұққан адамға қатысты қамауға алу санкциясы қолданылды. Айғақ заттар алынды, сараптама тағайындалды", -  деді Шыныбеков брифингте.

Ол қылмыстық істің мән-жайын айтып берді.

Оның айтуынша, 7 қараша күні сағат 23 шамасында Көктал шағын ауданында, кейін Талапкер ауылында жігіттер арасында жанжал туындаған. Бойжеткен себеп болған. 23.00 шамасында Ағаділов достарымен бірге бірнеше көлікпен Көкталға барған. Оларды бір топ жігіт күтіп тұрды.

"Төбелеске 5 адам қатысқан. Олардың біреуі жеңіл жарақат алды. Ал Ағаділовке пышақ сұғылды, жүрегіне зақым келді", - деді Шыныбеков.

Күдіктілер екі көлікке отырып, жасырынған. Бірнеше сағаттан кейін олардың аты-жөні анықталып, қамауға алынды.

Журналистердің сауалдарына жауап берген Шыныбеков күдікті мен Жанболат Ағаділ бір-бірімен таныс болмағанын айтты.

Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеліп жатыр. Күдікті 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: Sputnik.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары