$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда Камаз жүргізушісі полициядан қашып, қала шетінде ұсталды (ВИДЕО)

Тәртіп сақшылары көлікпен «КамАЗ» жүргізушісін қаладан шыққанша қуалаған.

Елорда тұрғыны «КамАЗ» жүк көлігімен полициядан қашып, қала шетінде ұсталды. Полицияның заңды талабына бағынбаған ол Әкімшілік кодекстің төрт бабымен жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек Instagram-дағы пабликтің бірінде бұған дейін «КамАЗ» жүк көлігін қуалап бара жатқан полиция көліктерінің видеосы жарияланған еді. Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін, яғни 19 қарашада тіркелген.

«Сағат 14.20-да Айнакөл көшесінде полиция қызметкерлері қозғалыс барысындағы «Камаз» жүргізушісінің телефонмен сөйлесіп бара жатқанын байқап қалған. Полиция қызметкерлері оны тоқтатып алып, жүргізуші куәлігін талап еткен. Алайда жүргізуші талапты елемей, көлігін жүргізіп кете берген», - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары көлікпен «КамАЗ» жүргізушісін қаладан шыққанша қуалаған. Ақыры жүргізуші ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Жүргізуші елорданың 32 жастағы тұрғыны болып шықты.

Полиция қызметкерлерінің талабын орындамай, заң тәртіпке мойынсұнбағаны үшін, көлік жүргізетін құжаты болмай, жол тәртібін елемей, қарсы бетке шығып жүргені үшін күдікті Әкімшілік кодекстің 4 бабы бойынша (667, 612, 613, 596) жауапкершілікке тартылған. Ал оның жүк көлігі айып тұрағына қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары