$ 446.49  475.38  4.79

Ресейде көліктің үстіне бетон құлап, жүргізуші аман қалды (ВИДЕО)

Плита құламай тұрып бір секунд бұрын ер адам абырой болғанда, шетке жалт береді.

Желіде үстіне бетон құлаған көлік видеосын қызу талқылап жатыр. Көлік иесі бір өлімнен аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz Риа Новостиге сілтеме беріп.

Белгілі болғандай, оқиға Владивостокта болған. Бетон плитасы ауа райының қолайсыздығына байланысты тоғызыншы қабаттан тура көліктің үстіне құлаған. Осы сәтте көлік иесі темір тұлпарын жуып жатқан көрінеді. Плита құламай тұрып бір секунд бұрын ер адам абырой болғанда, шетке жалт береді. 

Жергілікті прокуратура алдын ала мәліметтер бойынша желдету шахтасының күнқағары құлап,  мұз боп қатып қалған сымдар төменге сырғытып әкеткен.

Көлік иесі Александр оны не құтқарғанын айтты.

"Жағдайға қатысты айтарым, қатты таңғалдым. Шатырдағы шуды естіп, төбеге қарадым. Басымды көтергенім сол еді, ұшып келе жатыр екен. Ойланатындай болған жоқпын. Бірден шетке қаштым", - дейді ол.

Көлік иесі басқарушы компанияны сотқа беруді шешті.

Александрдың Instagram-дағы парақшасында оқырмандар мен бейтаныс адамдар оны "екінші туған күнімен" құттықтап жатыр, картасына ақша жинап беруде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары