18 қарашадан 19 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтан вокзалында қызметтік вагон өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz.
"Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі өрт станциядағы арнайы өрт сөндіру пойызымен сөндірілді деп хабарлады.
"Өрт салдарынан адам шығыны болған жоқ. Пойыздардың кідірісі, жолдың бұзылуы, сигнал беру құрылғыларының дабыл қағуы, орталықтандыру, жолды блоктау болған жоқ", - деп түсіндірді ұлттық компания.
ҚТЖ-ның хабарлауынша, қызметтік көлік компания қызметкерлеріне арналған және жолдарды жөндеу жұмыстары кезінде қолданылады.
Өрт фактісі бойынша төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен тергеу тағайындалды.