24.11.2020, 12:00

Жанармай ақысын төлеуді «ұмытып» кеткен түркістандық жүргізуші тергеліп жатыр

фото: instagram.com/network_jolyrysy
Оқиға Бәйтерек ауданы аумағында «Самара-Шымкент» күре жолында болған.

Батыс Қазақстан облысында түркістандық жүргізуші жанар май құйып, ақысын төлемей кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Бәйтерек ауданы аумағында «Самара-Шымкент» күре жолында болған.

«Volvo» жүк көлігінің жүргізушісі жанар-жағармай құю стансасында 767 литр дизельді отынды құйып алып, ақысын төлемей кетіпті. Осылайша нысанның иесіне 134 399 теңге залал келтірген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Түркістан облысының 40 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 195-бабы 1-бөлігіне (мүліктік зиян келтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.