Атырау облысында пробация қызметінің инспекторына пара ретінде қызыл балық бермекші болған сотталған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қалалық пробация қызметінің инспекторына пара ретінде қызыл балық бермек болған сотталған ер адам ұсталды. Алаяқтығы үшін сотталған пробация қызметінің есебінде тұратын ер адам түнгі уақытта тексеру кезінде үйінде болмаған. Бұл құқық бұзушылық оның жеке ісіне тіркелетін болғандықтан, сотталған азамат пробация инспекторына қызыл балық бермекші болған.
Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1-бөлігімен (Пара беру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.