$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда ерлі-зайыпты қарияларды өлтірген адамға қатысты сот үкімі шықты

Одан зардап шеккен тарапқа 20 миллион теңге сомасында моральдық өтемақы өндіріліп алынды.
фото: zanmedia.kz
фото: zanmedia.kz

 Көкшетауда ерлі-зайыпты қарияларды аса қатыгездікпен өлтірген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдікті Вадим Достов 25 жылға сотталды.

 «Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 191, 24, 188, 192, 99 және 287-баптары бойынша кінәлі деп танылды. Енді ол алдағы 25 жылын қауіпсіздігі төтенше қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өткізетін болады. Вадим Достовтың әркетінде қылмыстардың қайталану қаупі бар деп танылды. Сонымен бірге, одан зардап шеккен тарапқа 20 миллион теңге сомасында моральдық өтемақы өндіріліп алынды», - деді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер. 

Сот үкімі күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, биылғы жылдың сәуір айында Көкшетау қаласында ерлі-зайыпты қарияларды өз пәтерінде белгісіз біреу аса қатыгездікпен өлтіріп, тонап кеткен еді. Полиция көп ұзамай күдіктіні ұстаған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары