$ 448.89  477.93  4.76

Қарағанды маңында жолаушылар мінген автобус аударылды

65 жастағы әйел түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Қарағанды қаласының маңында ішінде 40-қа жуық жолаушы отырған автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Аймақтық Полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы 28 қараша күні түскі сағат 12:15-те Қарағанды – Есенгелді автожолының бойында, Новодолинск ауылына жетіп қалған тұста болған. 

«Алдын ала болжам бойынша Mercedes Benz көлігінің 29 жастағы тұрғыны Шахтинск қаласына келе жатып 29 жастағы жүргізуші тізгіндеген №121 бағыттағы «Санос» автобусына соғылған», - делінген ПД хабарламасында. 

Жол-көлік апаты салдарынан автобус жолдың бір қапталына аударылып кеткен. Белгілі болғандай, 65 жастағы жолаушы әйел түрлі дене жарақатымен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары