$ 494.87  520.65  4.91

Полиция қызметкеріне тіл тигізген кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Егер сотта жүргізушінің кінәсі дәлелденетін болса, оған 80 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Полицияға тіл тигізген кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz

Оқыс оқиға Павлодар облысындағы блокбекетте болған. Полиция қызметкері жүргізушіден қауіпсіздігін белдігін тағуды сұраған. Осы сәтте кәсіпкер тәртіп сақшысына тіл тигізген.

"Тергеу тобы 53 жастағы ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, 1-бөлігі ("Билік өкiлiн қорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Егер сотта жүргізушінің кінәсі дәлелденетін болса, оған 80 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы, әрі 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары