$ 494.87  520.65  4.91

Тоңазытқыштағы сәби өлімі: прокурор Нысанбаевты 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

Іс жүзінде, журналда «интранаталды өлім» диагнозы, яғни, босану кезіндегі өлім деп көрсетілуі тиіс. Ал сол 29 минут ішінде жаңа туған нәрестеге ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген, жансақтау шаралары жүргізілмеген.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

2 желтоқсанда облыстық перинаталды орталықтың тоңазытқышына салынған сәби өліміне қатысты  іс бойынша сот процесінің соңғы кезеңі - тараптардың жарыссөзі басталды, деп хабарлайды azh.kz.

Бастапқыда прокурор Нұржан Жангереев бес айыпталушыға қатысты айыптау қорытындысын оқыды.

Ол соттан облыстық перзентхананың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты кінәлі деп танып, оған бүкіл қылмыс бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Естеріңізге салсақ, Нысанбаев  адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру, сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемдену; қызмет бабын асыра пайдалану; пара алу және беру баптары бойынша айыпталуда.

Акушер-гинеколог Асқар Қайыржан мен акушер Жамилә Құлбатырова үшін прокурор 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Олар адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтірді деп айыпталуда.

Неонатолог дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаеваны қылмыс туралы хабарламағаны үшін - әрқайсысына үш жылға бас бостандығын шектеуді сұрады.

Айыптаушы тарап айыпталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, БҚО сот-медициналық сараптамасының алғашқы қорытындысымен және Қарағандыдағы екінші (комиссиялық) қорытындымен толық дәлелденді деп санайды. Бұл қорытындыларда Тұрымбетова мен Молдағалиеваның сәбилері дүниеге тірі келді делінген.

Прокурордан кейін жәбірленушілер Нұржамал Тұрымбетова мен Роза Молдағалиева сөз алды. Олар айыптауды толығымен қолдап, моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздарын қанағаттандыруды сұрады. Екеуі де Нысанғалиевтан 10 миллион теңгеден өндіріп алуды сұрады; бұдан басқа, Тұрымбетова - Қайыржаннан 10 миллион, Құлбатыровадан 5 миллион және екі неонатологтан 2 миллион теңгеден талап етті.

Айыптау қорытындысына сәйкес, перзентханадағы тоңазытқышқа тірілей салынған Тұрымбетованың сәбиі туралы бәрі білсе, жәбірленуші Роза Молдағалиева өтіп жатқан және Нысанғалиев қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған қай эпизод екенін еске салған жөн. Бұл деректерді бұрмалауға қатысты болып отыр.

Былтырғы 13 қыркүйекте Молдағалиева Даун синдромы және трисомия диагнозы бар сәбиді дүниеге әкелді, туған кезде жүрегі соғып тұрмаған, бірақ содан кейін тіршілік нышанын білдіріп, 29 минуттан кейін шетінеген. Ал перзентхананың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев ауру тарихына «ұрықтың антенатальды өлімі» (жатырішілік даму кезінде, яғни, босанғанға дейін ұрықтың өлуі) деп жазуды бұйырды. Ал іс жүзінде, журналда «интранаталды өлім» диагнозы, яғни, босану кезіндегі өлім деп көрсетілуі тиіс. Ал сол 29 минут ішінде жаңа туған нәрестеге ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген, жансақтау шаралары жүргізілмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары