$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте ер адам үшінші қабаттан құлап кетті

Тұрғындар дүкеннің шатырына құлаған адамды көріп, көмекке құтқарушыларды шақырған.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Шымкентте ер адам үшінші қабаттан дүкеннің шатырына құлап кеткен. Құтқарушылар көпқабатты үймен іргелес орналасқан дүкеннің шатырына шығып, зембілдің көмегімен зардап шегушіні жерге түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 шағын аудандағы Шаяхметов көшесінде болған. Тұрғындар дүкеннің шатырына құлаған адамды көріп, көмекке құтқарушыларды шақырған.

«Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1988 жылы туған ер адамның абайсызда үшінші қабаттан құлап кеткенін анықтаған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді» делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары