$ 494.87  520.65  4.91

Кентау қаласында орналасқан «Қазпошта» отқа оранды

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Түркістан облысының өрт сөндірушілері Кентау қаласындағы "Қазпошта" бөлімшесінде шыққан өртті сөндірді. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

2020 жылы 5 желтоқсанда сағат 22:58-де 101 пультіне Кентау қаласында үшқабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған "Казпочта" АҚ кеңсесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда, қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Өрттің көлемі 30 шаршы метр. Өрт сағат 23:20-да оқшауланып, 23:30-да өрт толығымен сөндірілді", - деді Талғат Уәли.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД 14 қызметкері және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары