09.12.2020, 04:32

Қызылорда облысында бір үйдің 7 адамы уланып қалды

Фото: ашық дереккөзі
Олардың бесеуі - балалар.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында бір отбасының 7 адамы түтіннен уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Бір отбасының 7 адамы түтінге уланып қалды. Оның екеуі ересек болса, бесеуі - бала. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілді», - деді ведомство өкілдері.