Чемпиондар лигасы алтыншы турындағы ПСЖ мен "Истанбул Башакшехир" матчті халықаралық дау тудырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі команда футболшылары да төрешілердің бірін нәсілшіл деп айыптап, алаңнан кетіп қалды.
Бас төрешінің көмекшілерінің бірі Себастьян Колтеску түркиялық команда шабуылшысы Демба Баға қатысты "negru" сөзін қолданған, Румын тілінде бұл сөздің қара деген мағынасы да бар. Бұған бүкіл команда наразылық танытқан, сонымен қоса, бапкердің көмекшісі, Камерун құрамасының бұрынғы ойыншысы Пьер Вебо да. Түркиялық команданың Twitter желісінде төртінші арбитр Вебоға да нәсілшілдік тұрғыда тіл тигізгені айтылады.
Осыдан кейін футболшылар алаңнан шығып кетіп, ары қарай ойнаудан бас тартты. Оқиға бірінші таймда болды және есеп ашылмаған болатын.
"Біздің ойыншылар алаңға оралмайтын болып шешті. Кездесу сәрсенбіде өтеді, қай уақытта үзілді сол кезден жалғастырады", - дейді "Истанбул Башакшехир" өкілі. және т.б.