$ 494.87  520.65  4.91

Пойызда шу шығарған жігіттің әрекеті ВИДЕОға түсіп қалды

Құқық бұзушының айтуынша, ол досын Атырау қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі басқармаға шығарып салуға келген.

"Instagram" әлеуметтік желісінің беттерінде жолаушылар пойызының жанында жігіттің қатты дауыстап, пойызға гитарасын ұрып, сындырған бейнеролик тарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Тексеру барысында көлік полицейлерімен бұл оқиғаның ағымдағы жылдың 8 желтоқсанда сағат 00:30-да Атырау облысының Сағыз станциясында болғандығы анықталды.

 "Ақтөбе-Атырау" бағытындағы пойыздың тоқтап тұрған кезінде 17 жастағы азамат қоғамдық орында тәртіпті бұзып, айналасындағы адамдарға сыйламаушылық бiлдiрген. 

Құқық бұзушының айтуынша, ол досын Атырау қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі басқармаға шығарып салуға келген. 

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен, яғни, ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, құқықбұзышыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Қызылқоға аудандық сотына жолданды.

 Еске саламыз, жоғарыда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары