$ 447.4  477.55  4.76

Рудныйда кісі өлтіру дерегі анықталды

Мәйітті марқұмның туыстары тауып, полицияға хабарлады.

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов халыққа есеп беру кезінде резонансты кісі өлтіру оқиғасы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рудный қаласында 2 желтоқсан күні түнде 68 және 31 жастағы екі жергілікті тұрғын бірге ішімдік ішкен. Олар масайған кезде жанжалдасып қалған. Жас жігіт марқұмды мойнынан пышақпен ұрған.

Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған. Содан кейін қаскүнем оның басын кесіп алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Мәйітті марқұмның туыстары тауып, полицияға хабарлады.

Қашқын патрульдік полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында табылды. Олар түнде көшеде мас адамды байқаған. Тәртіп сақшылары оны тоқтатып, қолдарындағы қанды көрген.

Полицейлер оны дереу ұстап, күдікті кісі өлтіргенін мойындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары