$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында сот педофил әкені 20 жылға бас бостандығынан айырды

Әйелдің арызын біз бірден ҚР ҚК-нің 120-бабы (Зорлау) бойынша СДТТБТ-ға тіркедік.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Түркістан облысында тергеушілер педофил әкенің кінәсін толық дәлелдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.

"Тергеушілердің өндірісінде көптеген және әр қилы істер кездеседі. Кейде оларды зерттей отырып, жәбірленушілердің де, күдіктілердің де тағдыры қайғылы болатынын түсінесің, әсіресе ата – аналарының өз балалары қылмыстың құрбаны болған кезде", – дейді Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.

 "Сіз түсінесіз бе, мен де әкемін және менің тергеудің қазанында қайнап келе жатқаныма биыл бірінші жыл емес. Мен сан түрлі деңгейдегі қылмыскерлерді көрдім. Бірақ дәл мұндай қылмыстар мені әрдайым таң қалдырады…".

Осы жылдың басында Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын арыз берген. Әйел өзінің үлкен қызының телефонында кездейсоқ күйеуінің жіберген хабарламаларын тауып алғанын айтты. Оның жіберген мәтіндерінің мазмұны әйелге күдік тудырған. Содан соң қызымен ашық сөйлесіп, нәтижесінде күйеуінің өз қызын зорлап жүргенін түсінген. Әйелдің арызын біз бірден ҚР ҚК-нің 120-бабы (Зорлау) бойынша СДТТБТ-ға тіркедік. Тергеушілер тергеуді бастап кетті. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұл отбасының ешқандай есепте тұрмайтын, қарапайым жанұя екенін анықтадық. 

"Отбасының отағасы Ресейде вахталық әдіспен, ал анасы Арыс қаласында жұмыс істейді екен. Көп балалы отбасында бес бала тәрбиеленуде. Ең үлкен қызы педофил әкенің құрбаны болып отыр. Біз барлық тергеу әрекеттерін жан-жақты зерделеп жүргіздік. Іске қатысты әрбір нәрсені назардан қалдырмауға тырыстық. Оған қоса жәбірленушінің әкесі де кінәсін мойындамады. Әңгімелескен сайын істегенін жоққа шығарып, айтқанынан қайтпады. Қызым барлығын ойынан шығарып отыр деп, бізді адастыруға тырысты. Сондықтан біз үшін барлық дәлелдерді ұсақтардан жинауға тура келді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруге үш айдан астам уақытымызды жұмсадық. Осы уақыт ішінде біз бірқатар сараптамаларды тағайындадық. Қыздың әкесінің кінәсін дәлелдеу үшін айғақтарды жинауға қажетті басқа да іс-шаралар кешенін атқардық. Нәтижесінде алты томдық қылмыстық іс қозғалды. Әр том 180 беттен тұрды. Осылайша ағымдағы жылдың жазында іс толығымен аяқталып, айыптау актісімен бірге сотқа жіберілді. Сот істі қарап, өз үкімін шығарды. Өз қызын зорлаған қатыгез әке 20 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп атап өтті Тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары