$ 444.22  476.38  4.82

Солтүстік Қазақстан облысында көмір тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Оқиға Жезқазған-Петропавл автожолындағы 933 шақырымда болған.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Солтүстік Қазақстан облысында тапсырыспен ауылға көмір әкеле жатқан жүк көлігі аударылып, тапсырыс беруші әйелді полицейлерге жедел түрде ауруханаға жеткізуге тура келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға Жезқазған-Петропавл автожолындағы 933 шақырымда болған. «Красная горка» ауылына тапсырыспен көмір алып бара жатқан «ЗИЛ» көлігі көктайғақтың салдарынан жолдың жиегіне шығып кетеді. Жүргізуші жарақат алған жоқ, бірақ машина бүйірінен түсіп, көмірі шашылған. Оқиға орнына зауыттың құрылысында жүрген жұмысшылар келіп, көмектесту», - деп жазылған ақпаратта.

Жүк көлігін трактор жүргізушісі тартып шығарды. «ЗИЛ» көлігінің иесі таныстарын шақыртып, көмірді қайта тиеді. Тапсырыс беруші әйелді полицейлерге жедел түрде ауруханаға жеткізуге тура келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары