$ 448.15  483.46  4.86

Мұнайлы ауданындағы жанармай бекетінің маңында көлік жарылып кетті (ВИДЕО)

Оқиға куәгерлері жарылыс сәтін видеоға түсіріп алған.

Маңғыстау облысына қарасты Мұнайлы ауданындағы жанармай құю бекетінің маңында автокөлік өртеніп және жарылып кетті, - деп хабарлайды Lada.kz.

Дереккөзінше, бұл оқиға 11 желтоқсанда сағат 22:50 шамасында болған. 

Мұнайлы ауданындағы жанармай бекетінің маңында тұрған жеңіл автокөліктен өрт шыққан. Оған көлік ішіндегі газ құрылғысының жарылуы себеп болған.  

Оқиға куәгерлері жарылыс сәтін видеоға түсіріп алған. 

"Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Автокөліктен шыққан өртті 23:11 шамасында өшірдік", - делінген аймақтың ТЖД-нің баспасөз хабарламасында. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары