$ 494.87  520.65  4.91

Ерсі әрекетімен видеоға түсіп қалған педагог жұмыстан шеттетілді

Балалармен жұмыс істейтін кез келген адам әрдайым педагогикалық этика нормаларын сақтауы керек.

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері педагогтың қыздардың бетінен ұрған сәті түсіп қалған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті видеоны зерттегеннен кейін шұғыл түрде білім беру ұйымы мен жарысқа шығуды ұйымдастырған педагогтың аты-жөнін анықтады. Әрине, мұғалімнің балалардың құқықтары мен педагогикалық этика нормаларын бұзатыны анық байқалады. Бұл ретте балалардың жарысқа шығуы және қатысуы қалалық білім бөлімінің рұқсатынсыз өткізілді.

Қазір педагог жұмыстан шеттетілді, білім бөлімі тиісті тексеру жүргізіп жатыр. Балалармен жұмыс істейтін кез келген адам әрдайым педагогикалық этика нормаларын сақтауы керек", - деді Юлия Овечкина.

Мұның алдында әкімдіктегілер осы видеоға қатысты пікір білдірген еді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында жаттықтырушының дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары