$ 444.22  476.38  4.82

Атыраудағы ең ірі базар отқа оранды

Өрт сағат 04.25-те сөндірілген.

Бүгін түнде Атырау қаласының «Дина» сауда базарының 3 420 шаршы метр аумағы өрт құрсауында қалды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл 19 желтоқсанда сағат 01.41-де болған.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде екі қабатты бутиктердің өртенгені анықталды. Төтенше жағдайлар бөлімі (63 қызметкер және 11 техника бірлігі), «Өрт сөндіруші» АҚ (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), ДП (50 қызметкер және 20 техника бірлігі), 5546 әскери бөлімі (52 әскери қызметші және 3  жабдық бірлігі) оқиға орнына барды", - деді ТЖМ-нің ресми өкілі Талғат Уәли.

Өрт сағат 04.25-те сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары