$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Aвтобустың 11 жолаушысы ауруханаға жеткізіліді.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының тас жолында сырғанап кеткен жеңіл көлік жолаушылары автобусына соғылды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Бүгін сағат 11.00 шамасында “Ақтөбе – Астрахань” республикалық маңызы бар тас жолының 18 км-де “Санионг” маркалы көлік жүргізушісі жол қозғалысының 10.1 ережесін бұзып, жол ауа райының жағдайын ескермей, тас жолдың тайғақ учаскесінде сырғанап кетіп, қарама қарсы келе жатқан “ПАЗ 3254” маркалы автобуспен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Санионг” көлік жүргізушісі және автобустың 11 жолаушысы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлік көмек көрсетілді, жолаушылар қаралған соң үйлеріне жіберілді.

Сонымен қатар, кеше “Самара-Шымкент” тасжолында “Ваз-21144” көлігінің 29 жастағы көлік жүргізушісі ауа райының жағдайын ескермей, тайғақ жолда “Ваз-21144” көлік құралы сырғанап кетіп, 54 жастағы Алға ауданының көлік жүргізушісінің “Toyota Prado” маркалы көлігіне соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Ваз-21144” көлігінің жүргізушісі және екі кәмелетке толмаған бала Қобда аудандық ауруханасына жеткізілді. 

“Ваз-21144” көлігінің екі жолаушысы 54 жастағы әйел және бір жасар немересі жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды. “Toyota Prado” көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Олар алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша (ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін) сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір тәулікте облыс аумағында төрт ЖКО орын алды, онда екі адам қаза болып, тоғыз адам жарақаттанды.

Полиция департаменті жолға шығарда қысқы дөңгелекпен қамданып және көліктің техникалық жағдайын тексеріп, жылдамдықты сақтау қажет. Сонымен қатар, ауа райының жағдайына қарай жол қозғалыс ережесін сақтауды қатаң ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары