$ 444.22  476.38  4.82

Полицейлер мас жүргізушінің көлігінен шолақ мылтық тапты

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қарағандылық полицейлер шолақ мылтықпен қаруланған мас көлік жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

20 желтоқсанда сағат таңғы 05.00 шамасында Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің наряды кезекшілік атқару кезінде “ВАЗ-2170” автокөлігіне назар аударған. Күдік тудырған көлікті тоқтатқан кезде жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Автокөлікті қарау кезінде полиция қызметкерлері салоннан кесілген екі ұңғылы шолақ мылтықты тапты. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары