$ 498.34  519.72  4.85

Аягөзде төрт жеткіншектің өліміне қатысы бар үш қызметкер жеңіл жазамен құтылды

Биыл көктемде орталықтағы төрт тәрбиеленушінің өлімі қоғамда дау тудырған. Артынша балалардың мүрдесіне эксгумация жасалып, екі мәрте сот-медициналық сараптама жүргізілді.

  Аягөзде Балаларға арнайы қызмет көрсету орталындағы төрт жеткіншектің өліміне жауаптыларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Мекеменің үш медицина қызметкері шартты жазамен құтылды.

Кәсіби міндетін дұрыс атқара алмағаны үшін жазықты болғандардың екеуі – екі жылға, үшіншісі үш жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан және медицина саласында жұмыс істеу құқығынан да айрылды. 

Биыл көктемде орталықтағы төрт тәрбиеленушінің өлімі қоғамда дау тудырған. Артынша балалардың мүрдесіне эксгумация жасалып, екі мәрте сот-медициналық сараптама жүргізілді. Осыдан кейін қайтыс болған үш баланың дене жарақатын алғаны расталған. Бірақ сараптамаға сүйенген мамандар, олар өкпе фиброзы, екі жақты іріңді пневмония сияқты жанама аурудан көз жұмған деп қорытынды шығарды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары