Алматыда аспанға оқ атқан азамат ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Желіге жарияланған видеоға жауап аясында, Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері жедел түрде Розыбакиев көшесінің бойында салынып жатқан нысандардың бірінің аумағында тұрған Қызылорда облысының тұрғыны, 1996 жылы туған М.азаматты анықтап, ұстады.
«М. мырзаның осы мекемеде сантехник болып жұмыс жасайтындығы анықталды. Оның қолында травматикалық тапанша болған, ол күдіктінің тұрғылықты жерінен табылып, тәркіленді. Ұсталушының айтуынша, бұның себебі - әлеуметтік желілерде танымал болуға деген ұмтылыс. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 287 бабы бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев.
Сонымен қатар, ұсталған адам көпшіліктен кешірім сұрады.
«Мен өз кінәмді мойындаймын, менің іс-әрекетім заңға қайшы екенін білмедім, өз кінәмді мойындай отырып, мен барлық қазақстандықтардан кешірім сұрағым келеді. Мені кешіріңдер!».