26.12.2020, 19:22

Татарстанда ер адам бұрынғы әйелінің тұрмысқа шыққалы жатқанын біліп өлтіріп кеткен

Фото: ашық дереккөзі
Оның айтуынша, 38 жастағы Қазан тұрғыны өзінің бұрынғы әйелінің үйлену тойы туралы біліп, оның үйіне барған.

Татарстанда ер адам бұрынғы әйелінің басқа азаматқа тұрмысқа шыққалы жатқанын біліп, оны өлтіріп кетті.

Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті Татарстан бойынша тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Андрей Шептыцкий хабарлады.

Оның айтуынша, 38 жастағы Қазан тұрғыны өзінің бұрынғы әйелінің үйлену тойы туралы біліп, оның үйіне барады. Әйелді ұрып-соғып, балконға буындырып өлтіреді.

Ажырасқаннан кейін ер мен әйел қарым-қатынаста болмаған. Екеуі бөлек өмір сүрген.

Әйелдің денесі бір күн бұрын табылған. Аталған факт бойынша «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам ұсталды, ол өз кінәсін мойындады. Жақын арада ол қамауға алынады. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда, оқиғаның барлық мән-жайы нақтылануда.