30.12.2020, 14:20

Елордада ішінде автокөліктер тұрған жеке гараж өртенді

Қазіргі уақытта өрт орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамдағы 60 адам және 13 техника жұмыс істеп жатыр

Астаналық Төтенше жағдайлар департаментінің 60 өрт сөндірушісі жеке гараждағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«30 желтоқсан күні сағат 10:42-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері Челлюскинцев, 73 мекенжайындағы өртті сөндіруге аттанды. Сағат 10:50-де оқиға орнына келгенде екі қабатты жеке үй маңына салынған гараждың өртенгені анықталды. Аумағы шамамен 200 шаршы метр болатын гараж ішінде автокөліктер болған», - деп хабарлады елордалық ТЖД баспасөз қызметі.

 Қазіргі уақытта өрт орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамдағы 60 адам және 13 техника жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт шамамен сағат 11:18-де оқшауланды, 11:24-те сөндірілді.