05.01.2021, 09:20

Жаркентте ер адамды атып өлтіргендер ұсталды

фото: pixabay.com
Олар кек аламыз деп таныстарына тапанша тақағандарын мойындады.

Жаркент қаласында адамға оқ атылып, ол көз жұмған. Бұл туралы мәліметті Алматы облысының полиция департаменті таратты, деп жазады Stan.kz.

"2021 жылы 3 қаңтарда Панфилов аудандық полиция бөліміне Жаркент қаласында жараланған мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Нәтижесінде Жаркент қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ер адамдар кек аламыз деп таныстарына тапанша тақағандарын мойындады. Күдіктілердің айғақтары мұқият тексерілетін болады. Олар уақытша қамауға алынды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" 7-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.