Оралда вагоннан құлаған жұмысшы мерт болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін «Талап» АҚ құрылыс-өндірістік базасында болды. Осында жұмысшы болып істеген 1969 жылғы ер адам биіктігі 4,5 метр вагоннан құлап кетіп, басынан жарақат алды.
Жедел жәрдем сағат 10:40-та шақырылды. Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Бұл – соңғы екі күнде өндіріс орнында болған екінші жағдай. Кеше кешкісін Теректі ауданы Подстепный ауылында «Мыңжасаров» ЖК-ның сабын цехында 1975 жылғы жұмысшы мас күйінде станокқа түсіп қалған. Оң жақ қолы білезігінен қиылып кеткен, сол жақ иығы, омыртқа-қабырғалары сынған.
Қазіргі кезде ер адам қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.