$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

 Қызылорда облысында киік ату дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс шарасы барысында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері түнгі сағат 03.20 шамасында Төретам кентінен “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” тас жолына шығатын жолда “Лада Ларгус” маркалы күдікті автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышында төрт бас киіктің еті бар екені анықталды. Бұдан бөлек, жүксалғыштан бір дана қоян, екі дана 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оның оқ-дәрілері айғақ зат ретінде алынды.

 Киік атқан екі күдіктіге қатысты Қазақастан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2) тармағымен (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары