Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтауда екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адамның зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік апаты 8 қаңтар күні болған.
Қаланың «Шығыс-1» және «Шығыс-2» шағынаудандарының арасында Audi B4 және Toyota 4Runner маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Апат бірінші автокөліктің екіншісіне жол бермей қоюы салдарынан болған.
Автокөліктердің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалған.
«Үш адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жол-көлік апаты дерегі бойынша Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды», - делінген ведомство хабарламасында.