$ 494.87  520.65  4.91

Қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды

Компанияның ағымдағы шоттарына шектеулер қойылды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 "QI-Trade Kazakhstan" қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының хабарлауынша, "QI-Trade Kazakhstan" ЖШС-нің екі директоры – 1990 жылы туған С.азамат, сондай-ақ 1994 жылы туған Б. азамат ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот "қамауға алу" түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры – 1994 жылы туған С.азамат халықаралық іздеуге салынғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде. Компанияның ағымдағы шоттарына шектеулер қойылды. 

Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуде. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары