Құтқарушылар Қытайдың Шаньдун провинциясында 11 қаңтарда жарылыс болған алтын өндіретін шахтадан 11 адамды алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, алғашқы құтқарылған кеншіні жергілікті уақыт бойынша 11:13-те алып шыққан. Ер адам ауыр жағдайда болған, оны дереу ауруханаға жеткізді. Құтқару операциясына 633 адам мен 407 техника жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, 11 қаңтарда аталған шахтада жарылыс болып, 22 адам жер астында қалып қойған болатын. Құтқарушылар 12 кеншімен ғана байланыс орната алды, олардың біреуі кейіннен қаза тапты. Қалған он адамнан әзірге хабар жоқ. Бұған дейін қытайлық құтқарушылар алтын кенішіндегі апаттан кейін екі апта бойы жер астында қалып қойған жұмысшыны алып шыққанын хабарлаған болатынбыз.