$ 494.87  520.65  4.91

Шенеуніктің баласы әкесінің қызметтік көлігімен адам қағып өлтірген

Көлік салонында әкімнің әйелі мен қызы болған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қашқадария облысы Касан ауданының 59 жастағы тұрғыны Шерәлі Жұмақұловты 12 желтоқсанда аудан әкімі Асрол Байқараевтың қызмет көлігі қағып кетті. Жұмақұлов оқиға орнында қаза тапқан, деп жазады centralasian.org.

Марқұмның жақын туыстарының айтуынша, қызмет көлігін Касан ауданы әкімінің 19 жастағы баласы басқарған, оның қасында әкім отырған. Көлік салонында әкімнің әйелі мен қызы болған.

Асрол Байкараев пен оның отбасы оқиға орнынан тез кетіп қалған. Аудан әкімінің тапсырмасымен, көлікті әкім орынбасары Рахим Жураев басқарған деген хаттама толтырылған.

Ішкі істер министрлігіндегі шенеуніктердің айтуынша, «бұған аудан әкімі мен отбасын қатыстырмай, істі жауып тастау туралы ауызша бұйрық түскен».

Аудан әкімшілігінің баспасөз хатшысы Дилшод Нәбиев жол апатына әкім мен оның отбасының қатысы жоқ деп отыр.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 12 желтоқсанда кешкі сағат тоғыз шамасында болған. Қара түсті «Каптива» қызмет көлігі қатты жылдамдықпен жаяу кісілер өтетін жолақтан өтіп бара жатқан 60 жастағы Шерәлі Жұмақұловты қағып кеткен. Соққының қатты болғаны сонша, көліктің оң жақ қанаты ішке қарай майысып кеткен.

«Озодлик» редакциясы жол апатының үш куәгерімен сөйлесті. Олар аудан әкімі тарапынан қысым бола ма деп қорқады, бірақ әділ тергеу өткізілсе, куәлік етуге дайын отыр.

Марқұм Шерәлі Жұмалиев жедел жәрдем ауруханасында жүргізуші болып істеген. Оның артында екі ұлы, үш қызы қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары