Атырау өзбекстандық әйел жәбіренушіні қорқытып ақша талап етті. Полиция қызметкерлері бопсалаушыны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz.
51 жастағы қала тұрғыны полицияға өзін әйел адамның қорқытып, 50 000 теңге талап етіп жатқанын айтып шағымданды. Бопсалаушы әлеуметтік желіде жәбірленушінің қатысуымен болған интимдік видеоны таратамын деп қорқытқан. Бопсалаушы 32 жастағы өзбекстандық әйел болып шықты.
19 қаңтарда әйел банкке барып, бопсалаушымен бірге оның есепшотына ақша аудара бастайды. Сол кезде полиция келіп, бопсалаушыны ұстады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, деп толықтырды департаменті.