$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі жасырын цех өндірісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Тексеру барысында жалған ЕБМ бар «Русская на бруньках» және «Березовая» маркалы 2000-нан астам бөтелке алкоголь өнімі анықталды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Шымкент қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімін дайындайтын астыртын цех қызметінің жолы кесілді. Өндірілген өнім кейіннен Шымкент қаласының аумағында сатылған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында жалған ЕБМ бар «Русская на бруньках» және «Березовая» маркалы 2000-нан астам бөтелке алкоголь өнімі, 160 литр спирт, 10 000-нас астам ЕБМ, сұйықтықты араластыруға арналған сорғы, алкогольге арналған 140 бос қорап және 80-ден астам бос бөтелкелер, 400-ден астам қақпақтар анықталды және тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 233-б. 2-б. (көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары