$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте қызымен жанжалдасып қалған жігіт өз-өзін өлтірмек болды (ВИДЕО)

Тәртіп сақшылары жігітке барынша жақындаған кезде, ол беседканың қоршауына көтеріліп, мойнына жіп іліп, секіреді.

Шымкентте полицейлер жігітті суицидтен құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қаңтарда сағат 19:00 шамасында Арғынбеков пен Қазиев көшелерінің қиылысында кезекшілікте тұрған Шымкент қаласының полиция департаменті патрульдік полиция полкінің 7-рота №942-ші автоэкипажының қызметкерлеріне азаматтар келіп, Дендропаркта өз өзіне қол жұмсамақшы достарын іздеп жүргендерін хабарлады. Хабарлама бойынша Патрульдік полиция полкінің екі автоэкипажы саябаққа келіп, бүкіл аумақты жедел аралай бастады. Полиция қызметкерлері жігітті беседканың жанынан тауып, онымен сөйлесе бастаған. Тәртіп сақшылары жігітке барынша жақындаған кезде, ол беседканың қоршауына көтеріліп, мойнына жіп іліп, секіреді.

Жедел қимылдаған полиция қызметкерлері Алибек Асылбеков, Тұрар Молдахожаев, Мұхит Утеулиев және Ескендір Абдукаримов оны көтеріп, жіпті үзіп, төмен түсіреді. Азамат ауруханаға жеткізілді.

Тексеру барысында жігіттің бұл қадамға баруына қызымен жанжалдасуы себеп болғаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары