30.01.2021, 16:50

Павлодарда терезеден секірген ер адам ағашқа ілініп қалған

Фото: ашық дереккөзі
Құқық қоғаушылардың айтуынша, ер адам 3-қабатта тұратынын растап, терезеден секіргісі келмегенін және ағашқа қалай тап болғанын білмейтінін айтқан.

Павлодарда терезеден ағашқа секірген ер адам құтқарылды. Ол неліктен секіргенін айта алмады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Төтенше жағдайлар департаментіне Гагарин көшесінде ағашта отырған ер адам туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушыларды учаскелік полицей шақырған. Ол ер адам терезеден ағашқа секіргенін және 3-қабаттың деңгейінде отырғанын айтқан. - Құтқарушылар баспалдақ арқылы ер адамды төмен түсіріп, полиция қызметкеріне тапсырған. Оқиға орнына бес адам жұмылдырылды, - деді ТЖ департаментінде.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 48 жастағы павлодарлық өңірлік психикалық-неврологиялық диспансердің есебінде тұр. Құқық қоғаушылардың айтуынша, ер адам 3-қабатта тұратынын растап, терезеден секіргісі келмегенін және ағашқа қалай тап болғанын білмейтінін айтқан.